Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 шілде – 3 тамыз).
Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, теңгенің ресейлік рубль мен америкалық долларға қатысты бағамына сыртқы фактор әсер етеді. Сарапшылар тағы да АҚШ-тың Еуропамен, Қытаймен арадағы сауда қатынасына ерекше тоқталды. Бұл туралы «Альпари», TeleTrade және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» компанияларының сарапшылары өз болжамдарында айтты.
Сонымен қатар сарапшылар АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды одан сайын күшейтуі мүмкін («Альпари»), ал Қытайда юань әлсірейді (TeleTrade КТ) деп отыр.
TeleTrade компаниялар тобы сарапшылары бірнеше апта бойы күшейіп келе жатқан доллар әсер етуін жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ осы компанияның сарапшылары алдағы уақытта АҚШ ФРЖ-ның өтетініне ерекше мән берді.
Сарапшылар рубльге қатысты пікір білдіргенде Ресейдің орталық банкі басты мөлшерлемені бұрынғы 7,25% шамасында сақтап қалуы мүмкін екенін айтты (TeleTrade және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі», IFC Markets).
Жоғарыда аталғандармен қатар сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға да тоқталып кетті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департамент директорының орынбасары:
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 344-347 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,46-5,55 тенге болады деп отырмыз. Теңге үшін жағымсыз фактор – бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы. Сонымен қатар АҚШ тарапынан Ресейге қарсы санкция күшейеді деген геосаяси жағдай әсер етеді деп отырмыз. Бұған қоса мұнай бағасының жоғары болуы теңгенің әлсіреуіне жол бермеуі керек. Әсіресе АҚШ тарапынан санкция күшейеді деген жаңалық рубльге аса қатты әсер етпегенмен, теңге қатты түскенін ескеру қажет. Сондықтан келесі аптада теңге әлсіреуін шамалы болса да қалыпқа келтіруге тиіс. Ал теңгеге қолдау негізінен мұнай нарығынан келуі мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Америкалық биржа алаңдары бейсенбі күні сауда сессиясын Facebook акцияларының жиырма пайыздық төмендеуіне барысында әртүрлі бағытта аяқтады.
S&P500 нарығының индексі 0,30%-ға төмендеп, 2837,44 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,44%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,01% жоғалтты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы бір базистік көрсеткішке, 2,98%-ға дейін артқан.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,15%-ға өсіп, Саудия Баб-эль-Мандебск бұғазы арқылы мұнай экспорттауды тоқтатады деген жаңалықтың әсерімен 74,50 доллар болды. Ойыншыларға ICE Futures Europe нарығында Brent келісімшарттарына опциондар экспирациясын жасауы да қолдау болды.
Тап қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 75,10 және 76 доллар болып отыр.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 342-346 теңге және еуроға қатысты бағамы 401-406 теңге болады деп болжап отырмыз.
Сергей Лысаков,TeleTrade КТ сарапатамалық ақпарат орталығының басшысы:
Мықты доллардың ұлттық валютаны бірте-бірте төмендетуге қысым жасауы жалғасады. Шілде айының соңғы аптасы америкалық валютаның нығаюымен аяқталды. ЕОБ басшысы Марио Драгидің Еуропалық реттеушінің жеңіл ақша-несие саясатын жүргізген кезеңі аяқталғаны туралы айтқаны инвесторларға әсер етіп, бұл доллардың одан сайын көтерілуіне әкелді.
АҚШ ЖІӨ-сі екінші тоқсанда 4,1%-ға өсіп, соңғы екі жылда рекордтық көрсеткіш көрсетуі доллардың негізгі валюталарға қатысты жаппай сатылымы болғанда инвесторларға еш әсер етпеді.
Еуропа мен АҚШ арасындағы ең маңызды кезең - Америка президенті Дональд Трамп пен Еурокомиссия басшысы Жана-Клода Юнкердың ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысын нақты тоқтату туралы уағдаластық жасауы болды. Сонымен қатар Еуропа мен АҚШ арасындағы сауда кедергілерін алып тастау, бірлескен саудадағы тауарлардың кең тараған бөлігі бойынша баж салығын жоюы - Америка президентінің Қытайға қарсы америкалық-еуропалық одақты дайындап жатқанын көрсетеді. Ал Қытайда юань әлсіреп барады.
Өзінің сауда қарсыласына үстемдік көрсетуде Америка президенті дамушы елдерге де қысым көрсетті. Бұл Ресей мен Қазақстан сияқты елдердің де валютасына да қысам жасалады деген сөз. Мұндай қысым теңгенің әлемнің негізгі валюталарына қатысты бағамын бірте-бірте әлсіретуге әкеледі.
Жергілікті қолдаумен 75-75,20 доллар болған Brent маркалы мұнай бағасы тағы да 74-74,2 доллар болады. Қара алтын бағасының көтерілуіне АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларын іске қосудың кейінге қалдырылуы қолдау болады.
Алдағы аптада сан түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың ішінде ең бастысы 1 тамыз күні өтетін ФРЖ отырысы. Бұл отырыстан қандай да бір өзгеріс болмайды. Доллардың күшеюіне АҚШ-тағы жұмыспен қамту да қатты әсер ете алмайды. Ал жалақының өсуінде америкалық доллардың құбылмалығы орын алатынын байқауға болады.
Осылайша теңге бағамының төмендеуі жалғасып, бір доллар 347-351 теңге шамасында саудаланады.
Ресей орталық банкінің пайыздық мөлшерлемені сақтау Ресейге еш қолдау көрсетпеді. Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы біршама төмендеуі мүмкін, яғни бір рубль 5,51-5,53 теңге шамасында болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
27 шілде күні Ресей банкі басты мөлшерлемені 7,25% деңгейінде сақтауға шешім қабылдады. Рубльге бұл қолдау көрсетпеді. Сондықтан рубльге негізгі әсер етуші фактор бұрынғыша мұнай бағасы мен батыс пен Ресей арасындағы қатынас болмақ. Мұнай қазіргі бағада саудаланатын болады. Қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймын.
Рубльге негізінен саяси факторлар әсер етеді, әсіресе жоғарыда айтылғандарға қатысты жаңалықтар.
Келесі аптада доллар 343-348 теңге, рубль 5,4-5,5 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 71-73 доллар, бір биткоин 6000 -9000 АҚШ доллары болады деп болжап отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы өзгерген жоқ. Бұған Қазақстандағы ақша базасының артуы әсер еткен болуы керек. Маусымда ол 19,8%-ға өсіп, 5,734 трлн теңге болды. Ал 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында ол тек 3,5% болған еді. Маусымда ақша базасы 11,2%-ға өскен. Бірақ та осыған қарамастан, ол 2,9%-ға қысқарған.
Апта қорытындысы бойынша теңгенің рубльге қатысты бағамы да шамалы төмендеген. Ресейлік рубльге Ресейлік ОБ-ның шешімі әсер етті деп ойлаймын. Бұл Ресейдегі инфляция маусымда 2,3%-ға төмендегеніне қарамастан болып отыр.
Осы аптада құбылмалық шамасы бір рубль үшін 5,44-5,54 теңге және бір доллар үшін 343-349 теңге болуы мүмкін.